Ақмола облысы білім басқармасының "Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы,№12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого - педагогической коррекции №12 село Балкашино,Сандыктауский район" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ерекше балалар (аутизм) 2 бөлім Түзету

07.09.2020

Ерекше балалар (аутизм) 2 бөлім

Түзету


1. Карточкалармен жаттығу. Жаттығуға карточкалар қажет болады, алғашында 5 аспауы қажет. Оларда белгілі бір әрекеттерді орындайтын заттар немесе адамдар бейнеленуі мүмкін. Бұл карточкаларды әрекет тәртібін түсіндіру үшін де пайдалануға болады. Мысалы, ұйқыға дайындық бірнеше әрекетке бөлінеді және әрбір әрекетке карточка дайындалады. Ең алдымен «Ұйықтайтын уақыт келді» деп айтып, карточканы көрсетіңіз. Карточкалар мынадай болуы мүмкін: "киімді шешу", "пижама кию", "тістерді тазалау",

"жуыну", "дәретханаға бару", "ұйықтауға бару" және соңғы, ұйқыдағы баланың суреті. Суреттерді көрсету түсініктемелермен болуы керек. Нақты іс-қимылдың атуы, басқа артық ештеңе  қажет емес. Бірнеше айдан кейін, тіпті бір жылдан кейін де, "ұйықтайтын уақыт" деп айтуға болады және бала оған не істеу керек екенін білетін болады. Бірақ, қайталаймын, бұл тек тұрақты жаттығулар нәтижесінде болады. Мұндай карточкалар "серуендеу", "тамақ ішу","оқу", "сурет салу" деген жағдайларға болуы қажет.

2. Аутизмі бар балар әдетте судан қорқады. Міндетті түрде оларға сумен ойынды ұсыну қажет, бастапқыда шелекке салынған сулы құмнан. Біртіндеп, құмның ылғалы көбейуі керек. Онда сызықтар мен әр түрлімүсіндері сызуға болады.
3. Тактильді қабылдауды дамыту өте маңызды. Ол үшін шағын қорапты алуға болады, оны кез келген жармамен немесе құммен толтырып, ішіне 2-3 көп емес тас немесе ірі түймелерді жасыруға болады. Бала оны тауып алуы қажет, тастардың санын біртіңдеп 10-15 көбейту қажет. Тағы бір жағдай, ыдысқа су құйып, оның ішіне тиын салыңыз оны бала алуға тырысуы қажет..
4. Координацияны дамытуға арналған жаттығу: 2 шыныаяқ алу, олардың бірін сумен толтыру және баладан бір шыныаяқтан екінші шыныаяққа суды құйуды сұраңыз. Бұл дағдылардың дамуына қарай, шыныаяқ мөлшері азаю керек.
5. Мүсіндеу- түзетудің маңызды әдістемелерінің бірі: бір мезгілде моторика және сенсорлық сезімталдық дамиды. Мүсіндеу үшін модельдеу үшін арналған массаны немесе әдеттегі пластилин қолдануға болады. Бала пластилинді жазады, одан шарлар жасайды және оны жұмсартады.
6. Маржанды кигізу. Картоннан кесілген ірі шеңберден бастау керек, дағдылардың дамуына қарай ұсақ бөлшектерге, моншақтарға дейін өтуге болады.
7. Пазлдар. Өте ірі бөліктері бар дайын пазлдарды сатып алуға болады, ал болмаса суретті салып, оны бірнеше ірі 3-4-ке бөлікке кесіп, уақыт өте келе, пазл бөліктерінің санын арттыру қажет.

8. Моторикаға тағы бір жаттығу. Бір қатарға бірдей заттарды салыңыз және бала оларды аударсын.

9. Билеңіз Үйде билеуге болады немесе ұжымда билейтін жерды табуға болады.
10. Тактильді және кинестетикалық сезімдерді дамыту қажет. Ол үшін әр түрлі материалдармен ойындар жақсы. Жібек, жүн, дәретхана және зімпара қағаздарын қолдануға болады.

Сабақ кестесі келесідей болуы мүмкін: 5 минут карточкамен сабақ, 5 минут кітап оқу, 5 минут саусақты ойындар, содан кейін үзіліс және жаңа сабақ блогы. Қарапайым жаттығулардан, күрделіге қарай жүріңіз, алдымен баланың нақты орындайтын тапсырмаларын қолданыңыз, бұл оған өзіне сенуге көмектеседі.

Ең басты ереже-мұндай баланы басқа балалармен салыстырмай-ақ қабылдау қажет. Ол жақсы емес және нашар емес, ол жай ғана басқа...

Сәттілік пен шыдамдылық тілеймін

(мақала ғаламтордан алынған)

Педагог-психолог – Ю.Ю. Абдулов

Просмотров: 216


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст