Ақмола облысы білім басқармасының "Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы,№12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого - педагогической коррекции №12 село Балкашино,Сандыктауский район" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы Білім басқармасының «Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, № 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ 2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Ақмола облысы Білім басқармасының «Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, № 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ 2019 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы

 қызметі туралы

есебі

 

I. Жалпы мәліметтер

1. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бақылауды жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтер

Ұйымнның атауы

Ақмола облысы Білім басқармасының «Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, № 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ

Орналасқан жері

Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино селолық округі, Балкашино селосы, Рақымжан Қошкарбаев көшесі, №150/1 үй, байланыстелефоны: 8(71640) 9-07-90

Меңгеруші

Надежда Ивановна Романова

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге, мониторингке жауапты тұлға

Юлия Михайловна Межова– мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға

 

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Барлық мемлекеттік қызметтер саны

Мемлекеттік корпорация және «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер түрлерінің саны

Тегін түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Ақылы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны

Бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттарының саны

Бекітілген мемлекеттік қызмет регламенттерінің саны

 

3 қызмет

0

3

 

 0

3

3

 

3. Көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№ р/с

Мемлекеттік қызметтің атауы

Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің атауы

2019 жылы көрсетілген қызмет саны

Ескертпе

 

1

Дамуында проблеммалары бар  балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу

 

 

Ақмола облысы Білім басқармасының «Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, № 12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ

33

Қызмет тікелей қызмет көрсетушімен ұсынылады

 

2

 

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасына консультативтік көмек көрсету

0

2019 жылы сұарныс болған жоқ

 

3

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау

2

Қызмет тікелей қызмет көрсетушімен ұсынылады

 

II. Қызметті алушылармен жұмыс

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты қол жетімді жерде орналасуы туралы мәлімет

1)

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы көрнекі ақпарат түзету кабинетінде стендте орналастырылған. Сондай – ақ, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің әрбір түрі бойынша тарату материалдары бар-буклеттер.

2)

Жыл сайын мемлекеттік қызметтік бойынша ауданның халықын БАҚ арқылы ақпараттап тұрамыз, 2019 жылы мемлекеттік қызметтің 3 түрі бойынша 1 мақала жарияланды.

2. Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын жалпы талқылау туралы

2019 жылы есепті кезеңде түзету кабинетіне стандарттарының жобаларына  толықтырулар немесе өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар аудан тұрғындарынан түскен жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ашық болуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар

Көрсетілетін қызметті алушылар жүгінген кезде түзету кабинетінің жауапты маманы мемлекеттік қызметтер көрсету барысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, толық жауаптар береді.

III. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1. Мемлекеттік қызметті көрсетуде қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған іс-шаралар

Мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты қызметкер өзінің білімін сәйкес Заңдарды, ережелерді, әдістемелік ұсыныстарды, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін зерделеу арқылы өз білімін арттырады.

Жауапты маманның  біліктілігінің арттыруы бар.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің норматиивтік-құқықтық жетілуі

Қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы негізін қалаушы қағидалар мен нормаларды белгілеу мақсатында 2015 жылдың 15 сәуірінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңы қабылданды. Мемлекеттің, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында мемлекеттік қызметтердің Стандарттары, Регламенттері және тиісті Ережелері бекітілді.

IV. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау

1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағымданушы бойынша мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қабылдаған немесе шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қараған күні

Шағымды қарау қорытындылары бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Шешімді қайта қарау бойынша мәлімет

-

-

-

-

-

-

-

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметті алушылардан келіп түскен шағымдар жоқ

2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ішкі бақылауының нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде жүргізілетін жұмыстарға сәйкес, ішкі бақылау нәтижесі - есепті кезеңде ескертулердің, сондай-ақ көрсетілетін қызмет алушылар тарапынан шағымдардың болмауы болып табылады.

 Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында ай сайын түзету кабинетімен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп дайындалады және жинақталады.

V. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Сандықтау ауданының қызмет көрсетушілерінің одан әрі тиімді жұмысы үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру мақсатында:

1. Түзету кабинетінің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты меңгерушісі, маманы тұрақты түрде мемлекеттік қызмет көрсету саласында өз біліктілігін арттыратын болады;

2. Мемлекеттік қызметтерді алушыларда мемлекеттік қызмет көрсету салалары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің талаптарын түсіндіру бойынша кездесулер, семинарлар өткізілетін болады, олардың қорытындысы бойынша жоғары тұрған органға ұсыныстар енгізіледі;

3. Түзету кабинетімен мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуіне барлық  қажетті іс-шаралар қолданылады.

                                 

 

Жаңартылған күні: 18.02.2020 12:14
Құрылған күні: 18.02.2020 12:14

Текст