Қазақстан Республикасы |
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және оны қалыпастыру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:
1) проактивті қызмет-көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне және/немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz. веб-порталы арқылы жүгінеді.
Қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
Құжаттарды тікелей көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдайды және тіркейді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді.
Телефон арқылы және/немесе көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде алдын ала жазылу көзделген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы "Отбасы" бөлімінде электрондық мемлекеттік қызметті таңдауды, электрондық сұрау салу жолдарын толтыруды және құжаттар топтамасын бекітуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын өңдеуді (тексеруді, тіркеуді) жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық емес тізбесін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
7. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарайды. Басшы құжаттарды қарағаннан кейін баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мен оңалтуды ұйымдастыру үшін мамандарға береді.
8. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсын жүргізеді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы 90 күннен 365 күнге дейінгі аралықты құрайды.
9. Курс аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші мамандарының командалық бағасы негізінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтама беріледі.
10. Психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсының нәтижелері туралы анықтамаға көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға медициналық-педагогикалық қолдау және оңалту курсы аяқталған күні беріледі және/немесе көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанында жібереді.
11. Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингісінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
11-1. Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін тіркеу кезінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы проактивті тәсілмен көрсетілуі және оның ішінде:
1) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салумен көрсетілетін қызметті алушыға Автоматты хабарламалар жіберуді;
2) көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті мәліметтерді, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алуға құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.
Ескерту. Қағида 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға берілуі мүмкін.
Әкімшілік орган, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекетті жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
|
"Дамуында проблемалары бар |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптардың тізбесі" |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары |
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қолжеткізу арналары) |
- психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, оңалту орталықтары; - "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz; |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Қызмет көрсету мерзімі – 90 күнтізбелік күннен 365 күнтізбелік күнге дейін; |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет, сонымен қатар проактивті түрде жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
7 |
Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады. |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын қажетті құжаттар тізбесі және мәліметтер |
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге: |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайда; |
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сонымен қатар www.egov.kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие. |
|
"Дамуында проблемалары бар |
__________________________________
Білім беру ұйымының атауы
Құжаттарды қабылдау туралы хабарлама
Құрметті ______________________Сіздің құжаттарыңыз қабылданды.
Тегі Аты Әкесінің аты
Сізге психологиялық-педагогикалық қолдау курсын алу үшін балаңызбен мына
мекенжай бойынша келу қажеттілігі туралы еске саламыз: _______________________
ППТК, ОО ұйымдары мекенжайы
Орынд.: _______________________________ Тел.: Күні:
Тегі Аты Әкесінің аты
|
"Дамуында проблемалары бар |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.11.2022 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
Нысан |
|
(Көрсетілетін қызметті |
_________________________________________________________________ Білім беру ұйымының атауы, мекенжайы
ТАӘ:
ЖСН:
Мекенжай:
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармақшасын басшылыққа ала отырып, (Көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)
_________________________________________________________________
бас тарту себебі
байланысты мемлекеттік қызмет көрсету тізбесіне сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету (Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы) үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Орынд.: Тегі, аты, әкесінің аты
Тел.:
Күні:
|
"Дамуында проблемалары бар |
|
Нысан |
АНЫҚТАМА
20 __ ж. "__" _____ туылған _____________________________________,
(баланың Т.А.Ә.(болған жағдайда) ________________________________________________________________
(ОО, ППТК атауы)
"__" ____ 20 __ жылдан бастап "__" ______ 20 __ жылға дейін шын мәнінде қатысқаны туралы беріледі.
__________________________.
(қызметті көрсету күні)
Қорытынды _________________________________________
Білім беру ұйымы басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
М.О.