|
Қазақстан Республикасы |
"Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту
және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өту үшін күнтізбелік 90 күннен бастап күнтізбелік 365 күнге дейін;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: жеке, топтамалардағы және топтағы сабақтар және кеңестер.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.09.2018 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.
Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) еркін нысандағы өтініші;
2) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәлігінің көшірмесі;
3) баланың туу туралы куәлігі (тексеру үшін түпнұсқа);
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.09.2018 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
шағым Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары басшыларының атына жазбаша түрде беріледі;
шағымда көрсетілетін қызметті алушының және шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
|
"Дамуында проблемалары бар |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.09.2018 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
АНЫҚТАМА
20 __ ж. "__" _____ туылған
_________________________________________________ беріледі,
(баланың Т.А.Ә.(болған жағдайда)
____________________________________________________________________
(ОО, ППТК атауы)
ол шын мәнінде қатысқаны туралы
"__" ____ 20 __ жылдан бастап "__" ______ 20 __ жылға дейін "__"
__________________________
(қызметті көрсету күні)
Білім беру ұйымы басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
М.О.
|
"Дамуында проблемалары бар |
|
Нысан |
|
(Көрсетілетін қызметті |
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. Стандарт 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.09.2018 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, _________________ (көрсетілетін қызметті беруші ұйымының атауы)
1) Сіз "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
___________________________________________________________;
(жоқ құжаттардың атауы)
2) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғанға байланысты (құжат және қолданылу мерзімін көрсету қажет) "Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу" мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-біреуден 2 данада жасалды.
___________________________________________________________
Көрсетілетін қызметті берушінің ұйымы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
Алдым: _______________________________________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы
20____ жылғы "___"_________