Ақмола облысы білім басқармасының "Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы,№12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого - педагогической коррекции №12 село Балкашино,Сандыктауский район" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланы сөйлеуге қалай ынталандырады?

28.09.2020

Баланы сөйлеуге қалай ынталандырады?

Сөйлеу кеш дамыған  балаларда сөйлеуге тілек білдіру басты мәселе және олармен жұмыс істеудің бірінші кезектегі мақсаты болып табылады. Үдерістегі қиындықтар көбінесе баланың ересектермен дұрыс құрылмаған қарым-қатынасына байланысты, олар оның барлық әрекеттері мен ниеттерін болжай отырып, оған айтуға мүмкіндік бермейді. Балаға мысық сияқты мияулау немесе ит сияқты үру, немесе шаңсорғыш сияқты гүрілдеуді ұсыныңыз.

Баламен жұмыс істеу уақытында қосымша музыкалық аспаптарды пайдалануға болады, оның көзін байлап дыбысты, қандай аспаптың дыбысталуынан болғанын болжауды ұсынады. Және де ойында тығып қойған дыбысы бар ойыншықтарды табуды ұсыну қажет. Балаларды ата-аналарымен бірге оқу, соңғы сөздерді айту, содан кейін сүйікті өлеңдерінің жолдарын айту жақсы ынталандырады. Сөйлеуді дамыту үшін қолда бар заттар мен ойыншықтарды пайдалана отырып, баламен ойнауға болады және қажет. Мысалы, қуыршақтар театры.  Осы қойылымда отбасының барлық мүшелерінің қатысқаны жақсы болады. Үй театрында балаға жақсы таныс ертегілер мен әңгімелер ойнаған жақсы болады. Қойылым барысында балаға кейіпкерлерді айта алатындай рөл беру, диалогқа қатыстыру маңызды. Сөйлеу дамуын ынталандырудың тамаша тәсілі - арт-терапия: құммен ойындар, музыка, сөзбен сурет салу, шығармашылық сабақтар. Баланың тіл дамыту жаттығулары кезеңінде шыдамдылыққа жол бер қажет, тез нәтижеге жету деген болмайды. Егер логопедтің ұсыныстарын орындасаңыз және кез келген, тіпті болмашы жетістіктерге мақтап отырсаңыз, баламен үнемі жұмыс істесеңіз жетістіктерге жетесіз.

 

Логопед Е.К.Наукенова

(Материал ғаламтордан алынғын)

Просмотров: 216


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст