Ақмола облысы білім басқармасының "Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы,№12 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого - педагогической коррекции №12 село Балкашино,Сандыктауский район" управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ППТК қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың ата-аналары (заңды өкілдері) мен психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің (ППТК) бірлескен іс-қимыл алгоритмі

23.04.2020

 

 

ППТК қашықтықтан жұмыс істеу жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың ата-аналары (заңды өкілдері) мен психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің (ППТК) бірлескен іс-қимыл алгоритмі

 

Қашықтықтан оқыту нысанындағы жұмыс жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың ата-аналары (заңды өкілдері) мен психологиялық-педагогикалық қолдау кабинетінің (ППТК) бірлескен іс-қимыл алгоритмі

 

ППТК

  1. ЕБҚБ баланың ата-аналарына (заңды өкілдеріне)  қашықтықтан жүгінген кезде ППТК маманы оларды қазіргі уақытта баланың оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігінің болуы немесе болмауы туралы хабардар етеді.
  2. Қазіргі уақытта баланың оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігі болмаған кезде (орын болмаған кезде) оны кезекте тұрған балалардың тізіміне енгізеді.

3.Орын босаған кезде баланың ата-анасын (заңды өкілдерін) белгілі бір кезеңге баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсын жүргізу мүмкіндігінің пайда болғаны туралы электрондық түрде хабардар етеді.

4.Қазіргі уақытта баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігі болған жағдайда курсты қашықтықтан өтуді ұсынады.

5.Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өтуге келіспеген жағдайда осы фактіні тіркеу журналына тіркейді және баланың ата-анасына (заңды өкілдеріне) төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін штаттық режимде курстан өту үшін өтініш беруді ұсынады.

6.Ата-анасы (заңды өкілдері) баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өтуге келіскен жағдайда қашықтықтан  жүгінген адамның байланыс деректерін (Т.А.Ә., үйінің мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) сұрайды.

7.Ата-аналарға (заңды өкілдерге) ППТК байланыс деректерін (басшының Т. А. Ә., телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, сайт атауын) электронды түрде жібереді.

8Ата-аналар (заңды өкілдер) көрсеткен электрондық мекенжайға қажетті құжаттар тізбесін электрондық түрде жібереді: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы (ПМПК), ПМПК жолдау, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ата-анасының (заңды өкілінің) өтінішінің үлгісі, мемлекеттік қызмет көрсету туралы кеілісім шарт.

 

Қызметтер және қашықтықтан оқыту нысанында сабақтар өткізуге келісім үлгісі.

Ата-аналардан (заңды өкілдерден) 8-тармақта көрсетілген құжаттар пакетін электрондық түрде алады.

  1.  Алынған құжаттардың толықтығын және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының талаптарына сәйкестігін тексереді.
  2.  Құжаттар толық көлемде ұсынылмаған немесе Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда ата-аналарды (заңды өкілдерді) электрондық түрде сәйкессіздік фактісі туралы хабардар етеді, анықталған сәйкессіздікті жоюды және құжаттардың толық топтамасын қайта жіберуді сұрайды.
  3.  Құжаттарды толық көлемде және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының талаптарына сәйкес алған жағдайда ата-аналарды (заңды өкілдерді) олар ұсынған құжаттардың қабылданғаны туралы хабардар етеді және баланың деректерін тіркеу журналына енгізеді.
  4. ППТК басшысы белгілі бір кезеңге баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту үшін қабылдау туралы бұйрық шығарады.
  5.  Ата-аналарға (заңды өкілдерге) курстан өту үшін баланы қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін электронды түрде жолдайды.
  6.  Ата-аналардың (заңды өкілдердің) курстан өту үшін баланы қабылдау туралы бұйрықпен танысқаны туралы ақпаратты электрондық түрде алады.
  7.  Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмыс әдістері мен тәсілдерін таңдау үшін баланың психофизикалық жағдайына кешенді тексеру жүргізу күні мен уақытын айқындайды..
  8. Ата-аналарды (заңды өкілдерді) тексеру жүргізілетін онлайн платформаны көрсете отырып, баланы тексеруге дайындау туралы ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған жадынаманы қоса бере отырып, кешенді тексерудің күні мен уақыты туралы электрондық түрде хабардар етеді..
  9.  Ата-аналарды (заңды өкілдерді) тексеру жүргізілетін онлайн платформаны көрсете отырып, баланы тексеруге дайындау туралы ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған жадынаманы қоса бере отырып, кешенді тексерудің күні мен уақыты туралы электрондық түрде хабардар етеді.
  10.  Әдістемелік ұсынымдарға («Даму мүмкіндіктері шектеулі ерте жастағы балаларға арналған жеке-дамыту бағдарламасын жобалау» /Б.С. Халыкова, к. пед.Н., А.К. Кенжеева / Алматы, 2014ж. оқу-әдістемелік құралына) сәйкес ППТК мамандарымен баланың психофизикалық жағдайын кешенді тексеруді қашықтықтан жүргізеді).
  11.  Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес баланың жеке-дамыту бағдарламасын әзірлейді (18-тармақты қараңыз.).

 

  1.  Баланың жеке дамыту бағдарламасын іске асыруға жауапты педагогтарды анықтайды.
  2.  Баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша сабақ кестесін жасайды және бекітеді.
  3.  Сабақ кестесін ата-аналарға (заңды өкілдерге) электронды түрде жеткізеді.

 

Родители (законные представители)

Ата-аналар (заңды өкілдер)

  1. ПМПК-дан қорытындыны және жолдаманы электрондық түрде алады.

ПМПК мамандарынан ППТК байланыс деректері туралы мәліметтерді алады (басшының Т. А. Ә., телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, сайт атауы).

ППТК әкімшілігімен қашықтықтан байланыс жасайды.

  1.  ППТК-ға өздерінің байланыс деректерін (Т. А. Ә., үй мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) көрсете отырып ақпарат береді.

Қазіргі уақытта баланың оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігінің болуы немесе болмауы туралы ақпарат алады.

Қазіргі уақытта баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, ППТК-дан баланы кезекте тұрған балалар тізіміне қосу туралы хабарлама алады.

Қазіргі уақытта баланы оңалту және әлеуметтік бейімдеу курсынан өту мүмкіндігі болған жағдайда қашықтықтан оқыту курсынан өту мүмкіндігі туралы ұсыныс алады.

  1.  Курсты қашықтықтан өтуге келіспеген жағдайда ППТК-дан төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталғаннан кейін олардың курсты штаттық режимде өту мүмкіндігі бар екендігі туралы хабарлама алады.

Қашықтықтан оқыту курсынан өтуге келіскен жағдайда ППТК-дан өздері көрсеткен электрондық мекенжайға баланы қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесін: ПМПК қорытындысын, ПМПК-ны жолдауы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін, ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ата-анасының (заңды өкілінің) өтінішінің үлгісін, Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шартты және қашықтықтан оқыту нысанында сабақ өткізуге келісім үлгісін алады..

Көрсетілген тізбеге сәйкес ППТК-ға жіберу үшін құжаттарды электрондық түрде дайындайды.

 

 

 

 

  1. Тізбеге сәйкес құжаттарды ППТК-ның электрондық поштасына жібереді.
  2.    Құжаттар толық болмаған немесе көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, ППТК-дан сәйкессіздіктерді жою және құжаттар топтамасын қайта жіберу туралы өтінішпен электрондық түрде ақпарат алады.
  3.  ППТК-да ұсынылған құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда ППТК-дан құжаттардың сәйкестігі туралы Хабарлама және баланы қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін алады.
  4.  Баланы қабылдау туралы Бұйрықпен танысады және бұйрықпен танысқандығы туралы растауды ППТК-ға электрондық түрде жібереді.
  5.  Баланың психофизикалық жағдайына кешенді тексеру жүргізу күні, уақыты туралы жадынама қоса берілген және тексеру жүргізілетін онлайн платформа көрсетілген ППТК-дан электрондық түрде хабарлама алады.    
  6.  Қашықтықтан оқытуға қатысады және ППТК мамандарына өз баласының психофизикалық жағдайын кешенді тексеруге көмек көрсетеді.
  7.  Бекітілген педагогтардың Т.А.Ә. көрсетілген сабақ Кестесін ППТК-дан электрондық түрде алады.

 

     Ескертпе: ППТК оқушыларының жеке деректерінің құпиялылығы мен сақталу дәрежесін арттыру үшін ППТК басшысының бұйрығымен белгіленген жауапты қызметкерлердің шектеулі тобына қол жетімді, жеке электрондық пошта мекенжайын ашу ұсынылады.

 

   

Әзірлеушілер:                                                                     М. У. Ибраев

 

председатель Координационного совета

по развитию инклюзивного образования

в Акмолинской области,  канд. полит. наук;

Лобурь С.Л.

дефектолог,

       15. 04. 2020 г                                                         логопед высшей категории

Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту бойынша, саяси ғылымдарының кандидаты; дефектолог-С. Л. Лобурь

       2020 ж 15. 04.                                Жоғары санатты логопед

 

 

 

Просмотров: 283


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст