Мектеп жасына дейінгі
кекештенетін балалардың ата-аналарына жадынама
(жалғасы 6)
Балада кекештенген кезде сөйлеу функциясы ғана емес, нерв жүйесі мен жалпы денсаулық жағдайы да бұзылады.
Күн тәртібінде баланың тамақтану уақыты мен сапасы маңызды. Түзілетін рефлекстердің тұрақтылығы тамақтануға байланысты. Уақытылы және сапалы тамақтанудың бұзылуы ағзаның барлық қорғау функцияларының күрт төмендеуіне, сыртқы зиянды әсермен күресуге қабілетсіздігіне әкеледі.
Кекештенетін балалар үшін В витаминдері ерекше қажет.Өйткені олар жүйке жасушаларының алмасуының күрделі процестеріне тікелей қатысады, ағзаға шаршауды жеңуге көмектеседі, оның сергектік жағдайы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтайды.
(Материал В. И. Селиверстованың жұмыс тәжірибесінен алынды (Заикание у детей – Москва – Просвещение из Интернета).
Дефектолог-логопед О. И. Килкариди