Мектеп жасына дейінгі
кекештенетін балалардың ата-аналарына жадынама
(жалғасы 5)
Егер бала кекештеніп, нашар сөйлесе, оны тоқтатуға болмайды. Оны қайтадан қайталауғада болмайды, себебі бұл баланың назарын оның кемшілігіне аударады. Дұрысы оған сұрақ қою немесе ол қойған сұраққа, дұрыс қарқынмен, тыныш, ол өзі де сіз сияқты айтқанын түсінетіндей жауап беру. Барлық балалар, әсіресе мектепке дейінгі балалар, еліктеу бойынша білім алады, осы жағдайды кекештенуді жою кезінде пайдалану қажет. Кекештікті түзету кезінде тез және анық сөйлемейтін қонақтарды шақырмау және ондай адамдарға қонаққа бармау қажет,
Қорқынышты ертегілерді аз оқу керек. Тіпті түнде ертегі оқымаған жөн. Баланы өлеңдерді үйретуге мәжбүрлемеңіз.
Балаға кофе, какао, шоколад бермеуге тырысыңыз.
Жалпы алғанда, баланың тыныштығын қорғауға кедергі келтіретін барлық нәрселерді алып тастау керек, бірақ оны қатаң тыйым салу жолымен емес, тыныш, абайлап жасау керек.
(Материал В. И. Селиверстованың жұмыс тәжірибесінен алынды (Заикание у детей – Москва – Просвещение из Интернета).
Дефектолог-логопед О. И. Килкариди