Текст
Баланың өсе келе ұсақ қозғалыс дағдылары қалыптасу үшін ірі қозғалыс дағдылары ерекше негізі болып табылады. Ірі қозғалыс дағдылары тірек – қозғалыс жүйесін нығайту,негізгі омыртқа жүйесін дамыту үшін жаттығулар. Олар бұлшықта тұрақты ақуыз қосылыстар синтезін қалыптастырады, олардың қалыпты өсуге ықпал етеді, моторикасы мен қозғалыстарын дамытады. Балалардың қозғалыс белсенділігі нашар көрінген кезде, онда ойлау мүмкіндіктер дамымай қалады, бұл психикалық өзгерістеріне әкеледі,бұлшық белсенділігі,жұмыс істеу қабілеттері, білімі төмендей бастайды. Болашақта бұл баланың оқу үлгермеуіне әкеледі.